Портфолто учителя ГУ "СШ№24" Закарьяновой Айнур Кызырбековны
Вы вошли как ГостьПриветствую Вас, Гость

Әдеби кеш сценарийі

Құрастырушылар: Өсекмен қаласы №24 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Закарьянова Айнұр Қызырбекқызы, Мүшелбаева Рымкеш Рахымбайқызы

  Тақырыбы:  «Даналықтың кеніші бір өзіңде!» Шәкәрім Құдайбердіұлына  арналады.  

Мақсаты: Ұлы тұлға өмірін  үлгі ете отырып оқушыларды  білімге,  ізденімпаздыққа баулу. Оқушыларыдың шығармашылық қабілетін, сахна шеберлігін, сөйлеу біліктілігін дамыту. Әдебиет пәніне деген ықыласын,  қызығушылығын қалыптастыру.

Қоладанылатын жабдықтар: Қазақтың киіз үйі іспетінде көркемделген сахына; компьютерлік жабдықтар: экран, дауыс күшейткіш; ұлттық киімдер.

Қатысатын оқушылар: 9-11 сынып оқушылары.    

Әдеби кештің барысы   1- оқушы: - Хош келдіңіздер, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар, оқушылар!       (слайд №1) Бүгінгі тамашалар әдеби кешіміз ХХ ғасырдың басында ұлы қазақ поэзиясының көшін арқалаған арқалы ақын, ойшыл, ғұлама ғалым – Шәкәрім Құдайбердіұлына арналады.   (слайд №2) 2- оқушы: (2- слайд) Қайтадан қайырылып Қауымға келмейсің, Барыңды – Нәріңді Тірлікте бергейсің. Ғибрат алар артыңда із қалдырсаң Шын бақыт – Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің! – деп ақын атамыз айтып кеткендей, өзінің артында өшпес  із қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 24-шілдеде Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келіп, 1931 жылы 2-қазазанда қаныпезер Қарасоровтың қолынан жазықсыз қаза тапты.   1- оқушы: «3- слайд) «Ақынды жырынан ғана танымауымыз керек, оны тану үшін өмірімен де таныс болуымыз керек», - деп жазды академик Зәки Қабдолов. Қысқаша тоқталып өтсек: Шәкәрім бес арыстың бірі, үлкен мәдениет қайраткері, ойшыл, лирик, эпик ақын, жиырмадан астам әні бар сазгер, аудармашы, тарихшы, «Алаш» партиясының мүшесі, Абай мұрагерлерінің бірегейі, жан-жақты дамыған ақыл иесі. Сондықтан, біз, бұл кеште Шәкәрім тұлғасына тереңдей үңілеміз.   2- оқушы: Көрініс №1: «Сүйінші!»  (Құнанбай, жаршы бала, бәйбішесі Күңке, Құдайберді) Автор: Аумалы-төкпелі қазақ ауылы. 1858 жыл  11 шілде. Қасиетті Семей өңірініндегі Шыңғыс тауының бөктері, Кеңбұлақ елді мекені. Алты қанат ақ ордада тағатсыз хабар күтіп Құнанбай, бәйбішесі Күңке отыр.  Жаршы бала:  Сүйінші, сүйінші аға! (Құнанбайдың үйіне жүгіре кіреді) Құнанбай: Сүйіншіңді аласың, жақсы хабарыңды айтқай, бозбала! Жаршы бала: Немерелі болдыңыз. Келініңіз жаңа ғана дүниеге сәби әкелді. Құнанбай: Ой, құдайым, өзіңе тән разымын! Тезірек айт, әке үрдісін жалғастырар ұл бала ма, әлде...?  Жаршы бала:  Әлде деп, ауыз ауыртпай-ақ қойыңыз, сұлтан аға, немереңіз еркек кіндікті. / осы мезетте аптығып Құдайберді кіріп келді/ Құдайберді: Әке, ұлды болдым, бұл қуанышты көптен күткенім өзіңізге мәлім. Жаратқан ием тілегімді қабыл алып, ұл сыйлады маған! Енді, ұрпағымды жалғар, ошағымды түтетер жан болғаны ғой, әке?! Құнанбай: Ал, жаршы жігіт, не сұрайсың сүйіншіңе? Жаршы бала: Не берсеңіз соны аламын. Бірақ, сіздей адам немерелі болса , Құдайберді ағам ұлды болса тартынып қалмас деп ойлаймын?! Құдайберді: Ал, ал байланып тұрған атымды ал, сүйіншің сол болсын. Құнанбай: Бағатын малың жоқ болса, жүйрік аттан не ғайріп. Ал жайлаудан 10 қойды. Көңілің тасып барша ауылға таратарсың хабарды. Жаршы бала: Мақұл, байеке, айтқаныңыз болсын.  Автор: Осылайша, Құнанбай ауылында Құдайбердінің ұлы Шаһкәрім есімді сәби дүниеге келді.   Ән:  «Анадан алғаш туғанда» - Черепанова Анастасия          Автор: Шәкәрім жеті жасқа келгенде әкесі өмірден қайтады. Бірақ жетімдік көрмей атасы Құнанбайдың  ерке немересі болып өседі.     Шәкәрім:           Бесімде оқу білсін деп,          Ата-анам берді сабақа.          Жеті жаста жетім боп,          Түскендей болдым абаққа.          Ардақты кенже жетім деп,          Әлпештеді мені көп,           Надандыққа болды сеп,           Қақпай ешкім қабаққа. Иә, рас-ау, қажы атам Құнанбай мені «жетім» деп  аяп, алысқа жіберуге қимай оқыта алмады. Әйтсе де ауылға мұғалім алдырып үйден білім алуыма жағдай жасап  бергені бәріне аян. Мен сөйтіп, түрікше біліп, орысша хат танып қалдым. 1- оқушы: Шәкәрім жастайынан білімге, ғылымға зер қойып, шығыс классиктерімен қатар орыстың біртуар ұлдары Л.Н.Толстой мен А.С.Пушкиннің шығармаларымен сусындап, олардың еңбектерін қазақ жұртшылығына жариялаған кемеңгер ақын. Өлеңін оқу «Жасымнан жетік ...»  10-сынып 191 бет хрестоматия.    2- оқушы:  Орыстың ұлы жазушысы Лев Николаевич Толстой туралы мәліметті орыс және ағылшын тілдерінде тыңдап, еске түсірелік. 1- оқушы: Көрініс №2: «Толстойға хат» Автор:  Шәкәрім Толстойды ұстаз санап, өзін оның шәкіртімін деп білген. Ол кезінде Тостоймен хат алысып, көңіл түйткіліндегі кейбір сауалдарға жауап алған. Асылды асылдың тануы, екі халықтың арасын жалғастырар мәдени арнасы болмақ. / Шәкәрім мен Толстой/ Шәкәрім: « Сәлеметпісіз, кең пейілді тамырым, Лев Николаевич! Денсаулығыңыз қалай? Мен сізді әрқашан ұстазымның есебінде санаймын. Сіздің еңбектеріңіз мені өмірдің басқа қырын көруге үйретті.  Толстой: Хатыңызды алдым, қазақтық қас ұлы Шәкәрім. Бала-шағаңыз есен-аман ба? Сіздің маған берген бағаңызды ақ жүрекпен қарсы аламын. Менің ойларым сізді толғантар болса хат алысып, тілдесіп тұруға мен де әрдайым дайынмын. Шәкәрім:  Лев Никлоаевич мына тізімдегі / мансап, кек алу, жалған айту, өзімшіл болу, жауыздық қылу / адамның арына тиетін қылықтардан сіз білетін арға ең ауыр тиетіні не? Толстой: Осы тізіп жазғандардың бәрі де адамшылық арға тиетін нәрселер. Меніңше, арға   ауыр тиетін ең ауыр іс бар. Ол- егер адам, көпшілікке, не жалпы қоғамға зиян келтіретін істі біліп, соны айтпаса, сол арға ауыр тиеді деп ойлаймын. Шәкәрім: Жуықта Абай ағамның ұсынысымен ірі шығармалар жазуға бет алдым. Бұған қандай кеңес бересіз? Толстой: Көп адамдар қатысқан шығарма, не ұсақ әңгіме болсын, алдымен сол әңгіменің оқиғасына жазушы өзі араласқандай жетік болуы керек. Олай болмаған күнде, әңгімең дәл қызықты болып шықпайды, Шәкәрім. Сондықтан жазарда бұны еске алғайсың. Шәкәрім: Жазушы, оның ішінде мен, өз жазғанымның дұрыс, терісін сынай алмаймын. Өз шығармамның қатесін қандай әдіспен көріп, сынап түзетуге болады? Толстой: Жазушының артық қасиеті - өз қатесін көріп, соны түзей алуы. Бұл әркімнің қолынан келе бермейді. «Біреудің қатесін біреу баданадай қылып көреді»  деген  бар. Бәрінен де адам өз қатесін өзі түзегені дұрыс, достым. Шәкәрім: Лев Николаевич кеңестеріңізге рақмет, мен «Еңлік – Кебек» поэмасын тамамдап қалдым. Сізге амандық болса бір нұсқасын салып жіберермін. Хош сау болыңыз!   1 - оқушы: ( 4- слайд) Шәкәрім жетім қалғанда қазақтың ұлы ақыны Абай 20 жаста еді. Ол Шәкәрімнің ең жақын қамқоршысына айналды. Жас баланың зеректігін, дарындылығын байқап, білімін тереңдету ісін өз мойнына алды. 2-оқушы:  Белгілі абайтанушы, жазушы Мұхтар Әуезов өз еңбегінде: "Абайдың дәл өзі тұсында еңбек еткен ... ақын төртеу. Оның екеуі – Ақылбай, Мағауя – Абайдың өз балалары, қалған екеуі – Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын – Абайдың толық мағынадағы нағыз шәкірттері” ,- деп Абайдың немере інісі Шәкәрімді ең озық шәкірттерінің біріне балаған. (5- слайд) 1- оқушы: Көрініс №3: «Абай батасы» Автор: 1899 жылдың күз айы. Семей өңіріндегі түтіні будақтап жатқан Абай ауылы. Үйде ақсақалдар шай ішіп, кеңес құрып отыр екен/ Шәкәрім: - Ассалаумағалейкум, дана қарттар, көп көрген айтары мол бізге дархан! Абай: Уағалейкумассалам, немере інім!  «Кімді айтса, сол келеді» дегендей, Шұбар бала келгенің жақсы болды. Мен манадан бері  мына ақсақалдарға айтып отыр едім. «Мен етек басты болып, білім қуа алмай қалдым. Сол көксеген арманымды Шәкәрім арқылы орындаймын» , - деп саған білім қуғызатын болдым. Адам қырық жасына дейін білім жинап, қырық жасында кәміл толады, ақыл-ойы, жігер-қайраты жетіледі. Енді үш жылда сен қырыққа толасың. Шығыс тіліне жетік болдың. Енді үш жылға дейін орыс тілін үйрене бер. Бар қаражатың менің мойнымда, сен осыған дайындал. Шығыс шаһарлары Мекке, Медине, Мысыр, Стамбулға білім алу үшін аттанасың. Батамды бердім саған Шұбарым! Әумин! Шәкәрім:  Ұлы аға, сіздің арманыңызды орындауға мен әсте дайынмын. Шығыс әдебиеті мен мәдениетімен сусындау өзімнің де арманым еді, сіздің сеніміңізді ел игілігі үшін ақтаймын! 2 - Ақсақал: Ниеттерің қабыл болғай асылдар. Біз, ауылдың ақсақалдары да сырттан бақылап тұрмаспыз, аз да болса көмегімізді аямаймыз. Ғибрат алар ұлың болса осындай болсын да. 1 - Ақсақал: Абай айтса, Шәкәрім жерде қалдырмайтынына біз де сенеміз. Автор: 1904 жылы Шәкәрімнің ұлы ұстазы Абай қайтыс болады. Осы жылы қос бауыры Ақылбай мен Мағауядан айырылады. Бұл Шәкәрімнің жүрегіне ауыр тиіп, сапар шегуіне тосқауыл болады. Сонда да Ұлы ағасының сөзін жерге тастамай 1905-  1906 жылы қажылыққа барады. Шәкәрім: Меккеге барам деп шықтым. Ары бара жатқанда Стамбулда 13 күн болып, қанша тарих ақтарып, керек кітаптарды поштамен үйге жіберіп отырдым. Меккенің де Мәдиненің де кітапханаларын ақтардым. Бірақ жол қатынасы нашар болып , Египедке баруға рұқсат ала алмадым. Абайдың ақыл-кеңесі болмағанда мен ол жерлерге бармаған да болар едім:   Кел жастар, біз түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берелік, Бір білімді данышпан жан табалық.   Ал, енді олай болса, кімді аталық, Қазақта қай жақсы бар, көз саларлық. Шын іздесек – табармыз шыны ғалым! Жалыналық Абайға, жүр баралық. 2- оқушы: Шәкәрім Құдайбердіұлы - әдеби мұраларынан басқа артында көптеген әндер қалдырған сазгер. Ол нәзік музыкамен адам көкірегін аша білген композитор. Осының куәсі ретінде ақынның әндерін тыңдалық.  Шәкәрімнің әні «Жастық».   1- оқушы: Қасиетті домбыраның сүйемелдеуімен Шәкәрімнің әні «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»  әнін құлақ түре тыңдаңыздар халайық!  2-    оқушы: (11- слайд) Шәкәрім поэзясының сүрлеуі де тереңде жатыр. Еліміздегі Халықаралық Абай клубы ұлы тұлғаны жан-жақты зерттеп, шығармаларын біздің алдымызға төрт томдық жинақ ретінде ұсынып отыр. Олар: «Қажыма, ойым, қажымы», «Жол табалық ақылмен», «Өкінішті ғұмыр», «Үзілмеген үміт» жинақтары. 1- оқушы: Ақын мұрасын зерттеп, ол туралы қалам сермеп жүрген жазушы ғалымдар да аз емес. Олар: Досым Омаров, Салтанат Ізтілеуова, Меруерт Әлиакперова. 2- оқушы:   (6- слайд)                                       "Шәкәрім баба, сізге қарап бой түзеп, ой түзеп, сөз түзеп келеміз” ,- деп ақын мұрасына ерекше көңіл бөліп қарастырушы, Шәкәрім мұрасын жинақтап зерттеуші, оны насихаттаушы жазушы Роллан Сейсенбаев айтқандай ақын аға «Біз қазіргі жастар да сізге қарап бой, ой, сөз түземекпіз!».  1- оқушы: Бүгін біз Шәкәрім тұлғасын жан-жақты қарастыруға тырыстық. Ол туралы сағат емес, бірнеше күндеп айтса таусылар емес.    2- оқушы: Құрметті тыңдармандар, осымен біздің әдеби кешіміз бүгінге аяқталды, келесі кеште кезіккенше қош, сау болыңыздар!