Портфолто учителя ГУ "СШ№24" Закарьяновой Айнур Кызырбековны
Вы вошли как ГостьПриветствую Вас, Гость

  Қазақ тілінен сабақ жоспары  

Модульдің тақырыбы: Тарих мұрасы

Сабақтың тақырыбы: Тарихи-мәдени ескерткіштер

Сынып: 8 «М» Мақсаты:

1) Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімін жаттығулар арқылы пысықтау, сөйлем мүшелері грамматикалық тақырыбын қайталау. Ақпараттық біліктілігін қалыптастыру.                      

2) Дамытушылық: оқушылардың таным қабілеттерін, қарым-қатынас біліктіліктерін, сөйлеу тілін дамыту. Сұрақтарға тез, дұрыс жауап беру, сөйлемге синтаксистік талдау жасау дағдысын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын, оқуға ынтасын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

3) Тәрбиелік: Тарихи-мәдени ескерткіштерді құрметтеп, дәріптеуге тәрбиелеу. Топта бірлесе жұмыс істеуге баулу. 

Сабақта қоланылатын технология: 1) Ақпараттық технология 2) Модульдік оқыту технологиясы, сөйлесу бөлімі.

Сабақтың түрі: «Бақытты сәт» ойыны, сайыс сабағы.

Сабақтың типі: алған білімдерін пысықтау сабағы. Сабақтың тәсілдері: Интерактивті тақтаны және "Merits” сыныпты басшылыққа алу бағдарламасын қолдану. Жұптық, топтық, жекелей оқыту. Сұрақ-жауап, жаттығулармен жұмыс, тест жұмысы.

Сабақтың әдістері: көрнекілік, түсіндіру, талдау, тыңдалым, сөйлеу шеберлігі, сараптау, өз ойын айту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтаны және "Merits” 8-сынып электрондық оқулығы, слайдтар мен флипчарттар.  

  Пәнаралақ байланыс: информатика, тарих. Аймақтық компонент: Жидебайдағы «Абай мен Шәкәрім» кесенесі.

  Сабақтың барысы

Кезеңі, уақыт мазмұны ұйымдастыру формасы әдіс-тәсілдері Мұғалімнің қызметі   Оқушылардың қызметі Қолданылатын қүралдар І кезең: Ұйымдастыру – 2 минут 1) Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлығын қадағалау, топ бойынша отырғызу. 2) Сабақтың мақсатымен таныстыру.  3) Ойынның шартымен таныстыру: ойынымыз 3 бөлімнен тұрады, ойын шарты бойынша ең көп фишка жинаған топ жеңіске жетеді.   Мұндағы: жасыл фишка: қанағаттанарлық жауап-3 балл; көк фишка: жақсы-4 балл ; қызыл: өте жақсы жауапқа -5 балл тең келеді. Топ жетекшісі «бағалау парағында» әр оқушының жауабын белгілеп отыруы шарт.            фронталдық түсіндіру мағлұмат беру тыңдау, түсіну Интерактивті тақта. /қосымша №1/ ІІ кезең: Үй тапсырмасын  тексеру – 5 мин.   «Экспресс тест» Оқушылар мұғалімнің белгісімен активоттарды іске қосып тест жұмысын орындайды. Оқушының алған бағасы фишка түрінде үлестіріледі.         жекелей тест тексеру, қадағалауу еске түсіру, сұрақтарға тез жауап беру    "Activote” тестілеу құралы /қосымша №2/ ІІІ кезең: Өткен материалдарды еске түсіру – 8 минут А) Мәтінді еске түсіру - Ойынды бастамас бұрын мәтінді еске түсірелік! Алдарыңдағы мәтінді алып тақтаға қарап тыңдап отырыңдар, барлық сұрақтар осы мәтін төңірегінде болмақ. Жолы: компьютерден "Merits 8-сынып” , меню – тарих – оқылым – көріңіз. /4 минут/ Б) Жаттығулармен жұмыс Жолы: компьютерден "Merits 8-сынып” , меню – тарих – оқылым – тапсыпмалар №1,  №2. - Тапсырмалар орындау барысында мұқият болыңыздар! /4 минут/ жеке  фронталдық           жұптық         көрнекілік әдісі               сұрақ- жауап бағыт беру               қадағалау мәтінді  еске түсіру.         жаттығу электронды оқулық /қосымша №3/         электронды оқулық /қосымша №4/ ІV кезең: Өткен материалдарды пысықтау «Бақытты сәт» ойыны – 28 минут І бөлім: «Бой сергіту» /блиц турнир/ Шарты: тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қойылады, шапшаң, дұрыс жауап берген топ жеңіске жетеді. Жауап инетактивті тақта бойынша тексеріледі. /5минут/ жеке сұрақ- жауап, ауызша қадағалау, тексеру. еске түсіріп, дұрыс жауап беру, қарсылас топтың жауабын қадағалау. Инетактивті тақта /қосымша №5/ ІІ бөлім: «Ешкім құр қалмасын!» Шарты: бұл бөлімнің сұрақтары итнерактивті тақтада орындалатын үш түрлі жаттығулар түрінде берілген. Топ мүшелері мұғалімнің нұсқауы бойынша кезекпен сұрақтарға жауап беруі шарт, егер оқушы жауап бере алмаса топтың басқа мүшесі жауап беріп балл жинауына болады. /15 минут/ жеке, топтық талдау, қадағалау, тексеру. Инетактивті тақта, Флипчарт. /қосымша №6/ ІV бөлім: «Жарнама!!! Бізге саяхатқа келіңіз! » Шарты: әр топ алдарындағы берілген мәтін бөлімі бойынша жарнама құруы керек. Ойластырыуға 5 минут, қорғауға 1 минут уақыт беріледі.     топтық сөйлеу мәнері, тіл шеберлігі. пайымдау Тыңдау, салыстыру. Суреттер, плакат, фломастер.   Ойынды қорытындылау: Топтар алған фишкаларын санап, бағалау парағын мұғалімге өткізеді, мұғалім барлығын есептеп жеңімпаз топты марапаттайды. /2 минут/ фронталдық саралау, талдау. марапаттау, бағаларын қою. тыңдау   V кезең: Қорытындылау- 2 минут 1) Бекіту, қорытындылау: -Сонымен, балалар, біз бүгін сабақта не істедік? - Неге үйрендік? - Нені дамыттық? - Біздің аймағымыздағы тарихи-мәдени ескерткіштерді кім атайды? -Сендар алған білімдеріңді таразылап, қандай қателер жібергендеріңді еске түсіріңдерші? - Сабақ сендерге несімен ұнады? фронталды Проблемалық сұрақ Тыңдау, толықтыру Жауап беру Бағалау парағы 2)  Үй тапсырмасын беру: модульдің қорытынды бөлім болғандықтан тестке дайындық жұмысын жасаңыздар. Сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар! фронталды     Күнделікке жазып алу. /қосымша№7/   Қосымшалар   Қосымша №1: PowerPoint слайд № 1, №2, №3.    Қосымша №2:                                            Тест сұрақтары   1) Сөйлемді аяқта: Қазақ даласы тарихи-мәдени ескерткіштерге ... . а) көп             ә)кедей              б) бай 2) Толықтауыштың сұрағын тап. а) қайда?        ә) кімнің?          б) кімге? 3) «Тарихи ескерткіштер Қазақстан Заңдарымен қорғалмайды. а) дұрыс          ә) бұрыс            4) Анықтауыштың сұрағын тап.       а) қайда?        ә) кімнің?          б) кімге? 5) «Жергілікті» сөзінің аудармасын тап. а) местный        ә) земляной       б) наследие 6) Пысықтауыштың сұрағын тап. а) қайда?        ә) кімнің?          б) кімге? 7) Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінед? а) екіге            ә) үшке            б) төртке 8) Толықтауыш тура және жанама болып бөлінеді. а) дұрыс          ә) бұрыс 9) Сөйлемнің тұрлаулы мүшесін тап. а) толықтауыш       ә) баяндауыш       б) анықтауыш 10) Қазақстандағы ең көне қаланың атауын тап. а) Түркістан            ә) Алматы           б) Тараз                                Жауап кілт 1) б; 2) б; 3) ә; 4) ә; 5) а; 6) а; 7) б; 8) а; 9) ә; 10) б.   Қосымша №3: "Merits” қазақ тілі 8 – сыныпқа арналған мультимедиалық оқыту бағдарламасы; меню – тарих – оқылым – көріңіз – артқа.   Қосымша №4: "Merits қазақ тілі 8-сыныпқа арналған мультимедиалық оқыту бағдарламасы; меню – тарих – оқылым – тапсыпмалар №1, №2 – артқа.   Қосымша №5: № Сұрақтар: Жауаптар: 1 Амфитеатр қай кесенеде салынған? Абай мен Шәкәрім кесенесінде. 2 Абай мен Шәкәрімге не орнатылды? Кесене орнатылды. 3 Абай мен Шәкәрім кесенесі қай жерде орналасқан? ШҚО, Семей өңірі, Жидебай жерінде. 4 Абай кесекннесі қай жылы салынған? 1995 жылы. 5 Абай кесенесінің биіктігі қанша метр? 38,5 метр. 6 Траз қаласының жанында қандай кесене орналасқан? Айша бибі кесенесі. 7 Айша бибі кім? Шамамен ХІІ ғасырда өмір сүрген ару қыз. 8 Айша неден көз жұмады? Жыланның уынан. 9 Айша бибі күмбезін кім орнатты? Оның сүйіктісі Қарахан. 10 Халық Айша бибіні кім санайды? Әулие санайды. 11 Түркістанға келген адамдар алдымен қайда барады? Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне барады. 12 Ғимараттың салынғанына неше жыл? Шамамен 600 жылдай болды. 13 Қожа Ахмет Йассауи кім? Ол әлемге белгілі ғалым, философ, ақын, аудармашы. 14 Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салуға кім жарлық берген? Әмір-Темір. 15 Ғиматарт неше бөлмеден тұрады? Ғимарат 35 бөлмеден тұрады. 16 Қожа Ахмет Йассауи ғимаратын неше жыл тұрғызған? 10 жыл тұрғызған   Қосымша №6: Итнерактивті тақта, флипчарт бойынша жұмыс.            Қосымша №7: PowerPoint слайд №4.