Портфолто учителя ГУ "СШ№24" Закарьяновой Айнур Кызырбековны
Вы вошли как ГостьПриветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Қазақ әдебиеті » Баяндамалар

Қазақ әдебиетін оқытудың тиімді жолдары
                               Өскемен қаласы №24 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Закарьянова Айнұр Қызырбекқызы   Орыс мектебінің қазақ әдебиеті пәнін оқытуда меңгеруге ауыр тақырыптарды оқытудың тиімді жолдары      Әдебиет пәні – шәкірттердің әдеби білік-дағдыларын жетілдіретін, адамгершілікке, әсемдікті сүйе, түсіне білуге тәрбиелейтін пән. Сондай-ақ, бұл пән өмірді, қоғамдық құбылыстарды, сол қоғамды жасаушы адамдар мінезіндегі, іс-әрекетіндегі ерекшеліктерді түсінуге көмектеседі. Әдебиет – адам мінезін, оның дүниеге көзқарасын, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін, өзгерте алатын қуатты құрал. Сонымен бірге, орыс мектебіндегі қазақ әдебиеті қазақ тілін меңгертуге, оны жетік білуге жетелейтін пән, дәлірек  айтсақ, ол оқушының сөйлеу, жазу тілін ширатады. Пәннің осындай мүмкіндіктері мұғалім алдына жаңа, өскелең міндеттер жүктейді. Осыған орай, ұстаз жандардың қызығы да, қиындығы да мол жұмыстарына көмек болар деген үмітпен 6 және 10-сыныптарда қазақ әдебиетін оқытуға байланысты әдістемелік көмек ұсынамын.     Бұл ұсыныстар оқулықты қарастырып, сараптай келе ең қиын, немесе оқытуда біршама қиындықтар туғызатын тақырыптарды қамтиды.   «6-сыныпта қазақ әдебиетін оқыту»   Тақырыптарды ашпас бұрын  6-сынып оқушылары әдибиет теориясы жағынан білімдерін шыңдауы қажет. Оқушылар әдебиеттегі үш жанрды: эпос, лирика, драма жанрын анықтай алып, олардың өз ішінара неше топқа бөлінетіндігін, оған қандай шығармалар жататынын білуі шарт. Бұл әдеби терминдерді сызба арқылы беру өте қолайлы. Мысалы:        SHAPE  \* MERGEFORMAT Жанр Эпос лирика драма      SHAPE  \* MERGEFORMAT  Эпос Шағын көлемді  эпикалық түр Орта көлемді эпикалық түр Кең көлемді эпикалық түр ертегі, мысал, әңгіме,     аңыз    аңыз,  повесть, поэма  роман, роман-эпопея                                                                                                                  SHAPE  \* MERGEFORMAT Лирика арнау өлең жыр баллада      SHAPE  \* MERGEFORMAT махаббат лирикасы философиялық лирика табиғат лирикасы   саяси лирика Лирика тақырыбына қарай   драма    SHAPE  \* MERGEFORMAT трагедия комедия            Бұл сызбалар Зейнолла Қабдоловтың «Қазақ әдебиетінің теориясы» оқулығын оқып, саралап жасалынды. Осы сызбаларды қолдана отырып, шығармамен танысқаннан кейін оқушыға «Семантикалық картаны» толықтыру ұсынылады.     Семантикалық карта Шығарманың аты «Әл Фараби туралы аңыз» Авторы халық Жанры Эпос, шағын көлемді эпикалық түр, аңыз. Тақырыбы Әл Фараби жән музыка. Идеясы Ғалымның жан-жақтылығын, қарапайымдылығын  көрсету және музыка әуенінің қуатын таныту. Басты кейіпкерлері Әл Фараби   ІІІ тоқсан ХХ ғасыр әдебиетінен басталады. Оқушылар әдебиеттің ерекше жанры - «Мысал жанрымен» танысады. Мысал жанрын оқуда мұғалім нені ескеру керектігіне тоқталып өтелік:  Ахмет Байтұрсынұлының «Аққу, шортан, һәм шаян» аудармасы. Бұл бөліммен танысу барысында бала мысалдың ерекшелігін ажыратып, шығармамен танысқаннан кейін түйінді ойды тауып, оқып, тәрбиелік мәнін ашып, автордың ойын айқындап өткені абзал. Мысалдың қазақша  аудармасын оқығаннан  кейін орысша нұсқасымен салыстырып, екі ақынның түйінді ойы, бірінікі басында, бірінікі аяғында жазылғанымен айтар ойы бір екендігін балаға жетізу қажет. Үнтаспаның  көмегімен салыстыру  әдісін   пайдаланып, орысша нұсқасын тыңдатуға болады.   Қазақ әдебиеті пәнін оқытуда үйірме жұмыстары үлкен септігін тигізеді. Мысал жанры қиын да, қызықты жанр екендігін түсіндіріп, М.Әлімбаевтың төмендегі өлең жолдарын мысалға ала отырып Абай Құнанбаевтың аудармаларына да көңіл бөлугізген жөн:                     Қазақтың Гётесы жоқ, Пушкині жоқ,                 Қазақтың – деме бірақ , ешкімі жоқ,                 Есесіне өзгенің Абайы жоқ,                 Халқының мәңгі жасар кескіні боп                 Деу жөнсіз: « Өз баласы - өзіне ұлы»,                 Ұлылар – ойдың шыңы, көздің нұры,                 Тең  бірдей өлшем де жоқ ұлылыққа               Әрқайсысы өзінше ұлы – сезін мұны. – дей келе қазақ халқының да өз мысалшылары бар екендігін айта кеткен жөн. Үйірме  жұмысын жүргізу барысында А. Қунанбаевтың аудармасы «Қарға мен түлкі» мысылынан қойылым дайындауға болады. Орыс халқында мысалшы Крылов бар болса, қазақ халқында Асқар Тоқмағанбетов деген ақынның бар екендігін тілге тиек етіп, хрестоматия оқулығын пайдалына отырып, үйірме сабақтарында «Бидай мен қаңбақ» мысалын оқытуға болады.   6-сынып оқулығында лирикалық өлеңдер, соның ішінде табиғат лирикасы көптеп кездеседі: Жамбыл Жабаевтың «Алатау», Сәкен Сейфулиннің «Дала», «Наурыз», Ілияс Жансүгіровтың «Көкшетау» Сырбай Мәуленовтың «Менің Республикам» өлеңдері. Бұл арада айтып кететін жайт, оқушылардың танымдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту мақсатымен өлеңге байланысты сюжетті картиналар салғызу, табиғат сұлулығын сомдаған ақынның позициясын ұстанып оқу сияқты жұмыстар жүргізуге болады. Менің тоқталып өтейін деп отырғаным Сәкен Сейфулиннің «Дала» өлеңі. Бұл өлең сөз көркемдігіне тұнып тұрған шығарма. Оқушыларды өлеңмен таныстырмас бұын әдибиет теориясынан теңеу, кейіптеу ұғымдарын қайталап өткен дұрыс. Теңеуді қарастырғанда -дай/-дей, -тай/-тей жұрнақтарының қызметін анықтап  өткен жөн. Теңеулерді тауып, бала қалай түсінетіндігін сұрап кету қажет.     Мысалы: төсін ашқан анадай - как мать раскрывшая объятия; жас баладай-как ребёнок. Кішкене бала анасының кеудесіне қалай талпынса, боз бала,  жігіт те сондай сезіммен туған жеріне талпынады. Кейіптеуге келетін болсақ – «Құшағын жайған кең дала» -деп туған жерді сағынған адамдай суреттейді. Көк шалғынның өзі сөйлейді «Кетпе» - бұл құбылыс та кейіптеу. Гүлдер де майысып, бұралып, жібермей бөгейді. Мұның барлығы ақынның сезімі, көкірек тілі. Осы әдістер балалардың Сәкеннің ұлылығын, шебер ақындығын мойындап, дәріптеуіне септігін тигізеді.   «10-сыныпта қазақ әдебиетін оқыту»   Бүгінгі таңда 10-сынып оқулығымен жұмыс істеу көп қиындықтар туғызуда. Аптасына бір сағат уақыт көлемінде материалды толық меңгеру мүмкін емес, берілген оқулық осындай болғандықтан бағдарлама көлемінде жұмыс атқаруға тура келеді, бұл ретте өз іс-тәжірибемнен мұғалімдерге көмек болар деген оймен төмендегідей жұмыс түрлерін ұсынамын. Сабақ жоспарын құрғанда Марал Жанпейісованың технологиясы бойынша сабақтарыма топтық және жұптық жұмыс түрлерін әр сабаққа енгізуді жөн көрдім, өйткені бұл тәсілдер сабақтың ұтымды өтілуіне көп септігін тигізеді. Мысалы, Шоқан Уалихановты оқытуға 2 сағат беріледі, ал тақырып көлемі 8 бет. Осы ретте топтық жұмыс түрін жүргізу өте қолайлы, бір ескеретін жайт сұрақтарды құрастыруда мұғалім оқушы нені анық білу қажеттігін іріктеп алуы қажет. Оқушылардың санына орай топтарға бөліп, тапсырмалар үлестіріледі. Сіздерге ұсынылып отырған тапсырма үш топқа бөлінген, егер көз жүгіртіп өтсеңіздер тапсырмадағы сұрақтардың саны әр түрлі, өйткені сауалдар деңгейлік тапсырма көлемінде құрылған, бірақ тапсырмалар реті материалдың мазмұнының жүйелігіне байланысты деңгейлік талаптарына сәйкес болмаса да, мұғалім өзі топтың шамасына қарай бөліп беруіне болады. Келесі тапсырманың бір түрі жұптық жұмыс тәсілі бойынша сұрақтар құрастыру. Бұл тапсырманың ерекшілігі 1- сұрақ ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығынан, ал 2-сұрақ тікелей шығармаларға байланысты құрылуы шарт, ол оқушының нақты білімі мен дайындық дәрежесін тексеруге септігін тигізеді. Сіздерге мысал ретінде     Қашаған Күржіманұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша жасалған жұптық тапсырма ұсынылды. Оқулықта ауқымы өте кең шығармалар бар, бұл оқыту үрдісі кезінде қиындықтар туғызады, осы ретте жұптық жұмыстың тағы бір түрінің берер септігі көп. Мысалы, Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына  6 сағат уақыт беріледі, ал парақ саны 39 бет, бірінші сағатты оқыту барысында біз алты мәтінмен бірақ жұмыс істеуіміз керек. Мәселені шешу үшін балаларды ең алдымен алты жұпқа бөліп, оларға тапсырмалар тараттым, әр тапсырма бір бөлімге байланысты алынды, осы бөлім көлемінде ең қажетті деп танылған сұрақтар қойылды, тапсырмаға міндетті түрде қаралатын бөлімнің тақырыбы мен бетінің нөмірірі жазылды. Белгіленген уақыт көлемінде жұптар берілген тапсырмаларға бөлім ретіне сәйкес жауап беріп, бір-бірін тыңдап, негізгісін дәптерлеріне түртіп алып отырды. Бұл әдіс баланың алтын уақытты үнемдеп, материалды толық меңгеруіне көмегін тигізді. Тағы қосарым, әр сабағымды сабақтың айдарынан бастауды дәстүрге айналдырдым, бұл әдіс мұғалімге үш мәселені шешуге септігін тигізеді, 1- өтілетін тақырыптың мазмұнынашады, 2 - тәрбиелік мақсатын шешеді, 3- оқушы әр сабақта            мақал-мәтел , нақыл сөз, қанатты сөз, немесе естеліктерді жаттап, әдеби сөздік қорын дамытуға ықпалын тигізеді.         Осы ұсынылған әдістер оқушының көркем шығарманың идеялық мазмұнын, тақырыбын дұрыс ұғынуы үшін өте қажет деп ойлаймын. Бұл әдіс – амалдарыды орындау шарт емес. Айтылған жұмыс түрлері мұғалімдерді өзіндік ізденіске жетелейді деген ойлйамын. Қай тақырыпты оқытуда болмасын мұғалімнің ойы, шеберлігі қажет деп сөзімді аяқтағым келеді.                                          Өскемен қаласы №24 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Закарьянова Айнұр Қызырбекқызы   Орыс мектебінің қазақ әдебиеті пәнін оқытуда меңгеруге ауыр тақырыптарды оқытудың тиімді жолдары      Әдебиет пәні – шәкірттердің әдеби білік-дағдыларын жетілдіретін, адамгершілікке, әсемдікті сүйе, түсіне білуге тәрбиелейтін пән. Сондай-ақ, бұл пән өмірді, қоғамдық құбылыстарды, сол қоғамды жасаушы адамдар мінезіндегі, іс-әрекетіндегі ерекшеліктерді түсінуге көмектеседі. Әдебиет – адам мінезін, оның дүниеге көзқарасын, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін, өзгерте алатын қуатты құрал. Сонымен бірге, орыс мектебіндегі қазақ әдебиеті қазақ тілін меңгертуге, оны жетік білуге жетелейтін пән, дәлірек  айтсақ, ол оқушының сөйлеу, жазу тілін ширатады. Пәннің осындай мүмкіндіктері мұғалім алдына жаңа, өскелең міндеттер жүктейді. Осыған орай, ұстаз жандардың қызығы да, қиындығы да мол жұмыстарына көмек болар деген үмітпен 6 және 10-сыныптарда қазақ әдебиетін оқытуға байланысты әдістемелік көмек ұсынамын.     Бұл ұсыныстар оқулықты қарастырып, сараптай келе ең қиын, немесе оқытуда біршама қиындықтар туғызатын тақырыптарды қамтиды.   «6-сыныпта қазақ әдебиетін оқыту»   Тақырыптарды ашпас бұрын  6-сынып оқушылары әдибиет теориясы жағынан білімдерін шыңдауы қажет. Оқушылар әдебиеттегі үш жанрды: эпос, лирика, драма жанрын анықтай алып, олардың өз ішінара неше топқа бөлінетіндігін, оған қандай шығармалар жататынын білуі шарт. Бұл әдеби терминдерді сызба арқылы беру өте қолайлы. Мысалы:        SHAPE  \* MERGEFORMAT Жанр Эпос лирика драма      SHAPE  \* MERGEFORMAT  Эпос Шағын көлемді  эпикалық түр Орта көлемді эпикалық түр Кең көлемді эпикалық түр ертегі, мысал, әңгіме,     аңыз    аңыз,  повесть, поэма  роман, роман-эпопея                                                                                                                  SHAPE  \* MERGEFORMAT Лирика арнау өлең жыр баллада      SHAPE  \* MERGEFORMAT махаббат лирикасы философиялық лирика табиғат лирикасы   саяси лирика Лирика тақырыбына қарай   драма    SHAPE  \* MERGEFORMAT трагедия комедия            Бұл сызбалар Зейнолла Қабдоловтың «Қазақ әдебиетінің теориясы» оқулығын оқып, саралап жасалынды. Осы сызбаларды қолдана отырып, шығармамен танысқаннан кейін оқушыға «Семантикалық картаны» толықтыру ұсынылады.     Семантикалық карта Шығарманың аты «Әл Фараби туралы аңыз» Авторы халық Жанры Эпос, шағын көлемді эпикалық түр, аңыз. Тақырыбы Әл Фараби жән музыка. Идеясы Ғалымның жан-жақтылығын, қарапайымдылығын  көрсету және музыка әуенінің қуатын таныту. Басты кейіпкерлері Әл Фараби   ІІІ тоқсан ХХ ғасыр әдебиетінен басталады. Оқушылар әдебиеттің ерекше жанры - «Мысал жанрымен» танысады. Мысал жанрын оқуда мұғалім нені ескеру керектігіне тоқталып өтелік:  Ахмет Байтұрсынұлының «Аққу, шортан, һәм шаян» аудармасы. Бұл бөліммен танысу барысында бала мысалдың ерекшелігін ажыратып, шығармамен танысқаннан кейін түйінді ойды тауып, оқып, тәрбиелік мәнін ашып, автордың ойын айқындап өткені абзал. Мысалдың қазақша  аудармасын оқығаннан  кейін орысша нұсқасымен салыстырып, екі ақынның түйінді ойы, бірінікі басында, бірінікі аяғында жазылғанымен айтар ойы бір екендігін балаға жетізу қажет. Үнтаспаның  көмегімен салыстыру  әдісін   пайдаланып, орысша нұсқасын тыңдатуға болады.   Қазақ әдебиеті пәнін оқытуда үйірме жұмыстары үлкен септігін тигізеді. Мысал жанры қиын да, қызықты жанр екендігін түсіндіріп, М.Әлімбаевтың төмендегі өлең жолдарын мысалға ала отырып Абай Құнанбаевтың аудармаларына да көңіл бөлугізген жөн:                     Қазақтың Гётесы жоқ, Пушкині жоқ,                 Қазақтың – деме бірақ , ешкімі жоқ,                 Есесіне өзгенің Абайы жоқ,                 Халқының мәңгі жасар кескіні боп                 Деу жөнсіз: « Өз баласы - өзіне ұлы»,                 Ұлылар – ойдың шыңы, көздің нұры,                 Тең  бірдей өлшем де жоқ ұлылыққа               Әрқайсысы өзінше ұлы – сезін мұны. – дей келе қазақ халқының да өз мысалшылары бар екендігін айта кеткен жөн. Үйірме  жұмысын жүргізу барысында А. Қунанбаевтың аудармасы «Қарға мен түлкі» мысылынан қойылым дайындауға болады. Орыс халқында мысалшы Крылов бар болса, қазақ халқында Асқар Тоқмағанбетов деген ақынның бар екендігін тілге тиек етіп, хрестоматия оқулығын пайдалына отырып, үйірме сабақтарында «Бидай мен қаңбақ» мысалын оқытуға болады.   6-сынып оқулығында лирикалық өлеңдер, соның ішінде табиғат лирикасы көптеп кездеседі: Жамбыл Жабаевтың «Алатау», Сәкен Сейфулиннің «Дала», «Наурыз», Ілияс Жансүгіровтың «Көкшетау» Сырбай Мәуленовтың «Менің Республикам» өлеңдері. Бұл арада айтып кететін жайт, оқушылардың танымдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту мақсатымен өлеңге байланысты сюжетті картиналар салғызу, табиғат сұлулығын сомдаған ақынның позициясын ұстанып оқу сияқты жұмыстар жүргізуге болады. Менің тоқталып өтейін деп отырғаным Сәкен Сейфулиннің «Дала» өлеңі. Бұл өлең сөз көркемдігіне тұнып тұрған шығарма. Оқушыларды өлеңмен таныстырмас бұын әдибиет теориясынан теңеу, кейіптеу ұғымдарын қайталап өткен дұрыс. Теңеуді қарастырғанда -дай/-дей, -тай/-тей жұрнақтарының қызметін анықтап  өткен жөн. Теңеулерді тауып, бала қалай түсінетіндігін сұрап кету қажет.     Мысалы: төсін ашқан анадай - как мать раскрывшая объятия; жас баладай-как ребёнок. Кішкене бала анасының кеудесіне қалай талпынса, боз бала,  жігіт те сондай сезіммен туған жеріне талпынады. Кейіптеуге келетін болсақ – «Құшағын жайған кең дала» -деп туған жерді сағынған адамдай суреттейді. Көк шалғынның өзі сөйлейді «Кетпе» - бұл құбылыс та кейіптеу. Гүлдер де майысып, бұралып, жібермей бөгейді. Мұның барлығы ақынның сезімі, көкірек тілі. Осы әдістер балалардың Сәкеннің ұлылығын, шебер ақындығын мойындап, дәріптеуіне септігін тигізеді.   «10-сыныпта қазақ әдебиетін оқыту»   Бүгінгі таңда 10-сынып оқулығымен жұмыс істеу көп қиындықтар туғызуда. Аптасына бір сағат уақыт көлемінде материалды толық меңгеру мүмкін емес, берілген оқулық осындай болғандықтан бағдарлама көлемінде жұмыс атқаруға тура келеді, бұл ретте өз іс-тәжірибемнен мұғалімдерге көмек болар деген оймен төмендегідей жұмыс түрлерін ұсынамын. Сабақ жоспарын құрғанда Марал Жанпейісованың технологиясы бойынша сабақтарыма топтық және жұптық жұмыс түрлерін әр сабаққа енгізуді жөн көрдім, өйткені бұл тәсілдер сабақтың ұтымды өтілуіне көп септігін тигізеді. Мысалы, Шоқан Уалихановты оқытуға 2 сағат беріледі, ал тақырып көлемі 8 бет. Осы ретте топтық жұмыс түрін жүргізу өте қолайлы, бір ескеретін жайт сұрақтарды құрастыруда мұғалім оқушы нені анық білу қажеттігін іріктеп алуы қажет. Оқушылардың санына орай топтарға бөліп, тапсырмалар үлестіріледі. Сіздерге ұсынылып отырған тапсырма үш топқа бөлінген, егер көз жүгіртіп өтсеңіздер тапсырмадағы сұрақтардың саны әр түрлі, өйткені сауалдар деңгейлік тапсырма көлемінде құрылған, бірақ тапсырмалар реті материалдың мазмұнының жүйелігіне байланысты деңгейлік талаптарына сәйкес болмаса да, мұғалім өзі топтың шамасына қарай бөліп беруіне болады. Келесі тапсырманың бір түрі жұптық жұмыс тәсілі бойынша сұрақтар құрастыру. Бұл тапсырманың ерекшілігі 1- сұрақ ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығынан, ал 2-сұрақ тікелей шығармаларға байланысты құрылуы шарт, ол оқушының нақты білімі мен дайындық дәрежесін тексеруге септігін тигізеді. Сіздерге мысал ретінде     Қашаған Күржіманұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша жасалған жұптық тапсырма ұсынылды. Оқулықта ауқымы өте кең шығармалар бар, бұл оқыту үрдісі кезінде қиындықтар туғызады, осы ретте жұптық жұмыстың тағы бір түрінің берер септігі көп. Мысалы, Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына  6 сағат уақыт беріледі, ал парақ саны 39 бет, бірінші сағатты оқыту барысында біз алты мәтінмен бірақ жұмыс істеуіміз керек. Мәселені шешу үшін балаларды ең алдымен алты жұпқа бөліп, оларға тапсырмалар тараттым, әр тапсырма бір бөлімге байланысты алынды, осы бөлім көлемінде ең қажетті деп танылған сұрақтар қойылды, тапсырмаға міндетті түрде қаралатын бөлімнің тақырыбы мен бетінің нөмірірі жазылды. Белгіленген уақыт көлемінде жұптар берілген тапсырмаларға бөлім ретіне сәйкес жауап беріп, бір-бірін тыңдап, негізгісін дәптерлеріне түртіп алып отырды. Бұл әдіс баланың алтын уақытты үнемдеп, материалды толық меңгеруіне көмегін тигізді. Тағы қосарым, әр сабағымды сабақтың айдарынан бастауды дәстүрге айналдырдым, бұл әдіс мұғалімге үш мәселені шешуге септігін тигізеді, 1- өтілетін тақырыптың мазмұнынашады, 2 - тәрбиелік мақсатын шешеді, 3- оқушы әр сабақта            мақал-мәтел , нақыл сөз, қанатты сөз, немесе естеліктерді жаттап, әдеби сөздік қорын дамытуға ықпалын тигізеді.         Осы ұсынылған әдістер оқушының көркем шығарманың идеялық мазмұнын, тақырыбын дұрыс ұғынуы үшін өте қажет деп ойлаймын. Бұл әдіс – амалдарыды орындау шарт емес. Айтылған жұмыс түрлері мұғалімдерді өзіндік ізденіске жетелейді деген ойлйамын. Қай тақырыпты оқытуда болмасын мұғалімнің ойы, шеберлігі қажет деп сөзімді аяқтағым келеді.          
Категория: Баяндамалар | Добавил: учитель (15.01.2012)
Просмотров: 7727 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 1
1 Sergrog  
0
<a href=http://zmkshop.ru/stati/stroitelstvo-metallokonstruktsiy-mnogofunktsionalnogo-torgovogo-kompleksa-s-priobektnoy-parkovkoy-i-/>радиопрозрачный купол для радара противовоздушной обороны</a>

Имя *:
Email *:
Код *: