Портфолто учителя ГУ "СШ№24" Закарьяновой Айнур Кызырбековны
Вы вошли как ГостьПриветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Қазақ әдебиеті » Баяндамалар

Баяндама «Қазіргі заман білім беру технологияларының қазақ әдебиетін оқытуда қатысымдылық құзіреттілігін дамытудағы рөлі»


  Баяндама «Қазіргі заман білім беру технологияларының қазақ әдебиетін оқытуда қатысымдылық құзіреттілігін дамытудағы рөлі»   Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде атап көрсеткендей: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында». Сонымен, тәуелсіз мемлекетіміздің тұрақты да, қарқынды дамуына бірінші үлес қосатын ұстаздар қауымы болмақ.          Оқушыны жан-жақты дамыту үшін барлық пән қажет, бірақ оның рухани байлығын, адамгершілігін, мәдениетін тәрбиелейтін, яғни оның жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін - әдебиет пәні. Әдебиет сөзінің шығу төркініне үңілсек, арабтың «адаб – сөз» деген сөзінен шыққан, ол «үлгілі сөз», «асыл сөз» деген мағынаны білдіреді. Сонымен, осы ұғымға үңілсек, сөйлеу дағдысын дамытуға, яғни қатысымдылық құзіреттілікті дамытуға бірден-бір себепкер қазақ әдебиеті пәні болмақ.          Оқушылар мен ата-аналар арасында «әдебиет – қосалқы пән» деген жаңсақ пікір де бар, бірақ әдебиеттің тіл ұстартудағы мүмкіншіліктеріне, оның құндылығына, оқушыға берер тәлім-тәрбиесіне көз жүгірткізсек, негізгі пәндердің біріне жататындығын дәлелдеуге болады. Сондай-ақ, Ұлттық Біріңғай Тестілеудеге қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерінің сұрақтарының 10 пайызы қазақ әдебиетінен келетіндігіне соңғы кездері қазақ тілі мен тарих пәні мұғалімдері жиі айтып жүр, олай болса, біз, қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері, әр сабақта әдебиет пәнәнің мәнін ашып, қажеттілігін түсіндіре, балалардың алдына мақсат қоя отырып оқытуымыз қажет. Бүгінгі мақсат - әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке тұлға қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету үшін қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын терең меңгеруіміз керек. «Технология» гректің «teche» - өнер, шеберлік және «Iogos» - ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқу керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Оқыту технологиясы мен әдістеменің мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жодарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.          Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Олай болса, бүгінгі отырысымыздың мақсаты: жас ұстаздар қауымына жаңа технологиялар туралы мәлімет беріу, білімдерін жетілдіру, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Сіздердің алдарыңызда қазақ әдебиеті пәнін оқыту мәселелерімен айналысатын шығармашылық топтың мүшелері жаңа технологияларды оқу үдерісі кезінде қалай қолдануға болатындығына тоқталып, өз іс-тәжірибелерімен бөліседі. Сіздердің мақсаттарыңыз: өздеріңізге қажетті, қолданысқа қолайлы технологияны таңдап, келешекте қолданысқа енгізу.    

Категория: Баяндамалар | Добавил: учитель (15.01.2012)
Просмотров: 3923 | Рейтинг: 2.2/5
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: